Қазақстан халқы 19,161 млн адамға жетті

2022 жылғы наурыз айында Қазақстан халқының саны 19,161 млн адамға жетті деп хабарлады turkystan.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«Қалада 11 405 мың (59,5%), ауылда 7 755,7 мың (40,5%) адам тұрып жатыр. 2021 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 243,5 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейді», – делінген құжатта.

Биыл қаңтар мен ақпан айларында Қазақстанға 2 869 адам келсе, 3 520 адам шетелге кеткен.

 

Comments (0)
Add Comment