Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландтағы Еуропа чемпионатының алғашқы турында бір ұпай еншіледі, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
В тобындағы алғашқы матчте қазақстандықтар Словениямен кездескен. Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака коронавирус жұқтырып, матчті Қазақстаннан қарауға мәжбүр болды. Одан бөлек, бірқатар футзалшы жарақатына байланысты бірінші тур матчіне қатысқан жоқ.
Кездесу бойы Қазақстан ойыншылары есепті теңестірумен болды. Матч 4:4 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан Жуниор Дуглас дубль жасаса, Біржан Оразов пен Тайнан бір голдан соқты.
Енді Қазақстан құрамасы келесі матчін 25 қаңтарға қараған түні Финляндияға қарсы өткізеді.