Jusan Bank Қазақстан бойынша филиалдары мен кассалық есеп айырысу бөлімшелерінің жұмысын толықтай қалпына келтірді. 20 филиалдың 18-і жұмысын қайта бастады, ал ашық бөлімшелер саны жүзге жетті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Клиенттерге кассалық есеп айырысу операцияларының барлық түрлері, ұлттық валютадағы төлемдер мен аударымдар қолжетімді, банкоматтар желісі лимитсіз қолма-қол ақшаның қажетті қорымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ Jusan Bank клиенттеріне шетел валюталарымен операциялар қолжетімді.
Әзірге Алматы және Жамбыл облыстарындағы 2 өңірлік филиал мен 11 бөлімше клиенттер қабылдамайды. Бұл аймақтарға террористік қауіптің қызыл деңгейі берілгендіктен, өз клиенттері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін банк қызметін уақытша тоқтатты. Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып клиенттерімізге арнаған жолдауында айтқандай: «Біз үшін ең маңыздысы – клиенттеріміздің қаражатының сақталуы мен бөлімшелерге келген клиенттердің қауіпсіздігі. Кез келген күрделі жағдайда біз үшін ең маңыздысы осылар».
«Қызыл аймақта» тұрған Алматы қаласы бойынша 26 бөлімшенің 8-і арнайы режимде жұмыс істейді:
– Алматы филиалы, Қажымұқан көшесі, 45 мекенжайы бойынша орналасқан, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00- ден сағат 18:00-ге дейін;
– №131 БҚКО, Розыбакиев көшесі, 247А мекенжайы бойынша «MEGA Center» СОО-да орналасқан, дүйсенбі мен жексенбі аралығында сағ.10:00-ден сағ.18:00-ге дейін;
– №214 БҚКО, Мақатаев көшесі, 127 мекенжайы бойынша «MEGA Park» СОО-да орналасқан, дүйсенбі мен жексенбі аралығында сағ.10:00-ден сағ.18:00-ге дейін;
– №259 БҚКО, Әл-Фараби даңғылы, 15 мекенжайы бойынша «Нұрлы Тау» БО-да орналасқан, дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00- ден сағ. 18:00-ге дейін;
– №161 БҚКО, Абай даңғылы, 111/107 мекенжайы бойынша, дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00- ден сағ. 18:00-ге дейін;
– № 271 БҚКО, Радостовец көшесі, 183 А мекенжайы бойынша, дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00- ден сағ. 18:00-ге дейін;
– № 270 БҚКО, Төле би көшесі, 83 мекенжайы бойынша, «AMBASSADOR» БО, дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00- ден сағ. 18:00-ге дейін;
– № 269 БҚКО, Сәтбаев көшесі, 90/78 мекенжайы бойынша, «АДК» СОК, дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 10:00- ден сағ. 18:00-ге дейін.
Қазақстан бойынша Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша өңірге байланысты ашық бөлімшелердегі кассалық есеп айырысу қызметін көрсету сағат 16:00-ге дейін немесе 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.
«Қызыл» белгісін ресми түрде алып тастағаннан кейін барлық филиалдар мен бөлімшелер әдеттегі жұмыс кестесіне оралады. Алайда Jusan Bank клиенттері өз қаржыларымен барлық қажетті операцияларды Jusan және Jusan Business мобильді қосымшалары арқылы жүргізе алады. Қосымшалардың жұмысы толығымен қалпына келтірілді, онлайн есеп айырысу мен төлемдер бойынша барлық операциялар қолжетімді.
Жұмыс режимі мен жұмыс істеп тұрған бөлімшелердің мекенжайларын мобильдік қосымшалардан, сондай-ақ 7711 нөмірі бойынша байланыс орталығынан нақтылауға болады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 жылғы № 1.2.35/225/37 лицензия.