Мойынқұм ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы, ауданның Құметті азаматы М.Сабыров жұбайы Роза апамызбен бірге референдумға барып өз таңдауын жасап, елімізге тыныштық тілеп ақ батасын арнаса Роза апамыз шашуын шашты.
Сондай-ақ, Мойынқұм ауылдық округіндегі номері 483 участокта референдумға келіп жатқан ауыл халқына арнайы аудан әншілерінің орындауында әннен шашу шашылды.
Референдум – азаматтардың елді басқаруға қатысуының қуатты құралы. Бұл өз пікірін білдіру және ел болашағына әсер ететін шешімге әсер ету мүмкіндігі. Мұндай тақырыптарды талқылау шешім қабылдауға жауапты көзқарасты қалыптастырады және демократиялық процестерді нығайтады. Референдумдар нәтижесінде шикі шешімдердің алды алынып, наразылық пен түсініспеушілік бтуындамайды. Үкімет пен халық арасындағы сенімді дамытуға және нығайтуға ықпал ететін болашақ саясатты әзірлеу кезінде референдум нәтижелерін ескеру маңызды. Бұл үдеріс Қазақстанның алдында тұрған міндеттерді неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасауға және бірлесіп шешуге жағдай жасайды.