Қазақ даласынан патша заманындағы гір тастары табылды

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны ертедегі егіс даласынан бір жарым ғасыр бұрын жасалған гірлерді тауып алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr қолданушысының айтуынша, төрт гір Николай патша заманында Петербургтен шыққан.

«Батыс Қазақстан облысының тұрғыны ертедегі егіс даласынан бір жарым ғасыр бұрын жасалған гірлерді тауып алды. Далада жер астынан шыққан төрт гір Николай патша заманында Петербургтен шыққан. Ал Батыс Қазақстанға бірнеше жолмен келген болуы мүмкін.

Бірі көшпелі дала циркімен жеткізілсе, екіншіші орыс шаруалары жер аударылғанда өздерімен бірге ала келген болуы мүмкін. Аудан Бөкей Ордасы ауданынан табылған бұл гирлерді жеке мұрағатқа жинауды ойлап отыр», — дейді видео авторы.

 

Comments (0)
Add Comment