Қазақ азаматына тұрмысқа шыққан тележүргізуші тегін ауыстырды

Тележүргізуші Оксана Лоскутова енді Аубакирова болғанын хабарлады. Қазақтың Арман есімді азаматына тұрмысқа шыққан ол тегін қазақтың тегіне ауыстырған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Айтпақшы, Аубакирова болдық. Ұзақ ойланып, осындай шешімге келдім. Әкем ренжімейтін шығар. Лоскутова фамилиясы абыройлы болды. Енді өз жұртыма қызмет етейін», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Ол күйеуі жайлы айта кетті.

«Жолдасым – Арман. Қазақтың қарапайым жігіті. Сурет қыз бен жігіт күнімізден. Азаматымның жаны таза, ақкөңіл, қолы ашық, аузын ашса, көмекейі көрінеді. Сол себепті оған бірден сендім», – деп жазды Оксана.

Айта кетейік, Оксананың әкесі – орыс, анасы – қазақ. 19 жасында қызметін телеарнадан бастаған ол жаңалықтар қызметін жүргізген. 2013 жылдан бастап түрлі мекемелерде баспасөз қызметшісі болып қызмет атқарып келеді.

Comments (0)
Add Comment