Автокөліктегі өрттердің алдын алу

Автокөліктегі өрттердің алдын алу мақсатында Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы автокөлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағармай жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр.
Машинадағы электр жабдықтары, жанар-жағармай мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам тұтанатыны белгілі. Сондықтан да өрт қауіпсіздігі ережелеріне назар аударғаныңыз жөн. Бұл сіздің жеке көлігіңіздегі өрттің алдын алуға септігін тигізері анық.
Көліктің қозғалтқышына, электрлік жабдықтарына да назар аударып, техникалық қарауды жиі жүргізу қажет. Автокөлікке міндетті түрде өрт сөндіру құралын алып жүру керек.
Құрметті автокөлік жүргізушілері! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар!

Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Comments (0)
Add Comment