Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Баяндамасы барысында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына тоқталды.
– 2024 жылы 21,5 млрд теңгеге 68 жоба іске асырылады. Оның ішінде 22 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін салу және 15 ауылда кешенді-модульдік блоктарды орнату жоспарда.
Нәтижесінде, 37 елді мекен қамтылады, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 94,9%-дан 98,1%-ға дейін артады.
Газдандыру туралы айтатын болсақ, биыл 12 жоба шеңберінде қосымша 3 елді мекенді (5,0 мың адам) (бүгінгі күні 285 АЕМ 1 113 мың адам) 8,5 млрд. теңгеге табиғи газбен қамтамасыз етуді және газбен жабдықтау деңгейін 91,1%-дан 91,3%-ға дейін (тұрғынға шаққанда) жеткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді аймақ басшысы.