«Ауырмайды жүрек» кітабының тұсаукесері өтті

Қаламы қарымды, ойы терең, сезімді сөзбен сөйлете білетін талант иесі, ақын Олжас Отардың «Ауырмайды жүрек» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесер кеші өтті.
Әдеби кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, өнерсүйер оқырмандар жиналып, жаңа туындының рухани құндылығы мен мазмұндық ерекшелігі жайында жылы лебіздерін білдірді. Кеш барысында ақынның жүрек түкпірінен шыққан жырлары оқылып, шығармашылық жолы мен ізденісі туралы тағылымды әңгімелер айтылды.
«Ауырмайды жүрек» – адам жанының нәзік иірімдерін, өмірдің өткінші сәттері мен мәңгілік сезімдерді арқау еткен сыршыл жинақ. Автор бұл еңбегі арқылы оқырманын терең ойға жетелеп, сезім мен сана үндестігін шебер жеткізе білген.
Кеш соңы қолтаңба беру рәсіміне ұласып, әдебиетсүйер қауым үшін ерекше рухани мерекеге айналды

Comments (0)
Add Comment