Ауыл тұрғынын соққыға жыққан учаскелік полицейдің видеосы тарады

Оқиға 5 ақпанда Павлодар облысы Ақтоғай ауданында болған, деп хабарлады “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға куәгері Ақтоғай ауданы Ақжол ауылының учаскелік полицейі ауылдасын және оның әйелін ұрып-соққаны туралы мәлімдеген. Сонымен қатар, тәртіп сақшысы мас күйінде қызметтік көлікті тізгіндеген. Сөйтіп, мас күйде көлік басқарған учаскелік полицей өзін тоқтатуға тырысқан тұрғындарға шабуыл жасаған.

«Аталған факті бойынша Павлодар облысы полиция департаментінде ӨҚБ қызметтік тергеу жұмысы жүргізілуде», – делінген Павлодар облыстық полиция департаментіндегілердің жауабында.

 

Comments (0)
Add Comment