Тараз қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Жастар аллеясы» алаңында ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Тараз қаласының тауар өндірушілері мен тұрақтандыру қоры өз өнімдерін ұсынды. Шара барысында жалпы құны 11,2 млн теңгені құрайтын 15,1 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары сатылымға шығарылды.
Атап айтқанда, тұрғындарға 2,5 тонна ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 0,7 тонна шұжық өнімдері, 0,5 тонна сүт өнімдері, 1 мың дана жұмыртқа, 0,4 тонна кондитерлік өнімдер, 0,5 тонна макарон өнімдері, 0,3 тонна тұз, 0,5 тонна қант, 0,3 тонна қарақұмық, 0,5 тонна балық, 3,0 тонна ұн, 0,4 тонна бал және 8,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері ұсынылды.
Жәрмеңке барысында азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан төмендетілген бағамен сатылып, қала тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді өнім алу мүмкіндігі берілді.