Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артады

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізуде. Басқосу барысында шаһар басшысы 2025 жылы Тараз қаласындағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 18 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отырғанын айтты.

Қала әкімінің айтуынша бүгінгі күнге нақты құны 2 миллиард теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр екен. Олар:

  1. 2023 жылы – «Дәмді себет» ЖШС Кондитерлік цехтың құрылысы, жоба құны – 700 млн.теңге;
  2. 2024 жылы – «Көкжиек-2030» ЖШС – сүт өндірісін кеңейту жобасы, жоба құны – 20 млн. теңге;
  3. «Шалқаров» ЖК сүт өңдеу цехының құрылысы, жоба – 6 млн. теңге;
  4. 2025 жылы – «Жолдасбекова» ЖК – 20 сотық жылыжай құрылысы;
  5. «Рамазан» ШҚ – 100 сотық жылыжай құрылысы;
  6. «Ажар» ЖК – 270 сотық жылыжай құрылысы;
  7. «Әділет» ЖКм 100 сотық жылыжай құрылысы.

Жоғарыда айтылған инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2025 жылға қарай 165 млрд. теңгеге жетіп, бөлшек сауда тауар айналымы 345,3 млрд. теңгеге дейін артпақ.

Comments (0)
Add Comment