«Ауыл аманаты» жобасының іске асу барысы қаралды

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының өтырысы өтті. Шараға облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы және орынбасары мен жауапты қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» партиялық жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы мәселе қаралды.
Айта кетерлігі, өңірде «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 2019-2023 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы 42,2 млрд. теңге бөлініп, ол қаржыға 62 ауылдық округтен 8028 жобалар несиелендірілді.
Ал биыл аймақта аталған жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 10,5 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаржы көлеміне 1200 өтінімді несиелендіру арқылы 1672 жұмыс орынын құру жоспарланған. Алайда, осы күнге дейін республикалық бюджеттен қаржы түспеген. Жиында сала мамандары мұның себебін тиісті министрліктегі құжаттардың рәсімделуімен түсіндірді.
Сондай-ақ кеңес мүшелері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өтінім беретін kezekte.kz ақпарат жүйесінде қалай өтінім берілетінін бүгінгі таңда тұрғындар толық түсінбей жатқаны туралы мәселе көтерді. Сондықтан осы бағытта жергілікті жерлердегі тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу туралы ұсыныстарын жеткізді.

 

Эльмира АБДИНОВА,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты,
Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы
әмбебап ғылыми кітапханасының директоры
Comments (0)
Add Comment