Аутизм – үкім емес

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні деп белгіленген. Бұл күн 2007 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген болатын.

. Осыған орай, Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен «Шамшырақ-Тараз» мүгедектер қоғамдық бірлестігі Аутизмі бар балаларды қолдау орталығында «Аутизм – үкім емес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аутизм туралы бастапқы білім беру, оған шалдыққан балаларды ерте диагностикалау бойынша дәрігерлердің кеңестері және әлеуметтік өмірге бейімделуіне ықпал жасау, оңалту орталықтарының жұмыстары туралы ақпараттандыруды мақсат тұтқан шараға мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 30-ға жуық ата-ана қатысты.
Шара барысында әлеуметтік сала мамандары ерекше қажеттіліктері бар әрбір баланың сапалы білім алуға, табысты әлеуметтенуіне, болашақта толыққанды өмір сүруге құқығы бар екені, оның дамуға, жұмыс істеп, қоғамға пайдалы болатыны туралы баса айтты.
Сондай-ақ шара аясында мүгедектігі бар балалар асфальтқа еркін тақырыпта сурет салды.
Басқосу соңында дөңгелек үстелге қатысқан ата-аналардың мүгедектігі бар балаларына сыйлықтар табыс етілді.

Аман ЕСЕН

Comments (0)
Add Comment