Қала аумағында құрылыс қалдықтарын, стихиялық қоқыстардың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтау бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан үнемі ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Осы іс-шаралардың аясында Тараз қаласы полиция қызметкерлерімен бірге Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы негізінде «қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша бірқатар тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Айталық, ағымдағы жылдың шілде айының 1 мен 27-сі аралығында 44 кемшілік анықталып, 43 тұрғынға ескерту берілсе, 1 тұрғынға айыппұл салынған. Айыппұл сомасы 69 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ 1 мамыр мен 27 шілде аралығында жалпы 608 кемшілік анықталып, оның ішінде 583 тұрғынға ескерту жасалса, 25 тұрғын айыппұл арқалады. Мұндағы айыппұлдың жалпы сомасы – 496 300 теңге. Алайда соған қарамастан күл-қоқысты тиісті орынға апармай, шашып кететін қала тұрғындары әлі де азаяр емес. Мәселен, жуырда Қ.Сәтбаев көшесі, №5 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің кейбір иелері қоқысты арнайы орынға төкпей, жол-жөнекей лақтырып кеткен. Бұл жағдай бір емес, бірнеше рет қайталанғандықтан, инспекторлар шара қолдануға мәжбүр болған. Үнемі тазалықты көпе-көрінеу бұзып, тұрмыстық қалдықтарды тастап кететін тұрғындар қоқыс салынған пакеттің ішіндегі түбіртек арқылы анықталды. Осылайша ҚРӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-тармағына сәйкес, сол үйде тұратын 3 пәтер иесі мен Қ.Сәтбаев көшесі, №1 көпқабатты үйде тұратын 4 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Осы орайда аумақ инспекторы мен жауапты мамандар қала тұрғындарынан мейлінше тазалық сақтау керектігін сұрайды.
Дедек Төлен