Аула тазалығын сақтау – баршаның міндеті

Тазалық – баршаға ортақ. Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтырғы жылы 1 182 нысан иесінің талапқа сай тазалық сақтамағаны анықталды. Оның ішінде 1 008 тұрғынға ескерту берілсе, 174 азаматқа айыппұл салынды.
Бүгінгі таңда «Әулиеата» және «Жібек жолы» аудандарында 1 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін тазалық сақтамаған 392 нысан иесі анықталса, 339 адамға ескерту берілді және 53 адамға айыппұл салынды.
Жалпы, тазалық сақтамаған тұрғындарға, нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

«JT»-ақпарат

Comments (0)
Add Comment