Салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындарын бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту мақсатында шаһар шеңберінде түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі – Аула ойындары.
«Аула ойындары-2024» спорттық фестивалінің алғашқы кезеңі 13 сәуір күні Тараз қаласының №11 аумақтық округінде өткізіліп, оған 1 700-ге тарта спортшы қатысқан болатын. Ал ІІ кезеңі 20 сәуір күні «Құмшағал» алқабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Онда 300-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтады. Фестивальдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубок және де естелік сыйлықтармен марапатталды. Ақтық кезең күз айларында өткізілуі жоспарлануда.
Сол секілді, бұқаралық спортты дамытуда Көше ойындарының алатын орны ерекше. «Көше ойындары-2024» спорттық фестивалінің Тараз қаласындағы іріктеу кезеңі 23 сәуір күні «Құмшағал» алқабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен еді. Оған 400-ге жуық спортшы қатысқан. Онда үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медаль, кубок және естелік сыйлықтар табысталған. Аталмыш фестивальдің де ақтық кезеңі күз айларында өтеді деп көзделуде.
Оксана БОРИСЮК,
Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы