Аукционға қатысқан Ләйла Сұлтанқызы қошқардың ұрығын ұтып алды

Белгілі тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы аукционда қошқардың ұрығын ұтып алды, деп хабарлайды Экспресс К

KazAgro/KazFarm-2022 деп аталатын Орталық Азия бойынша ауыл шаруашылығының ірі көрмесіне тележүргізуші арнайы барып қатысқан. Астанада өткен көрмеде алғаш рет қошқар мен текенің биоматериалдары аукционға шығарылды.

Аукционның басты ерекшелігі асыл тұқымды жануарларды іріктеуге бағытталған. Соның ішінде жануарлардан жоғары сапада ет, сүт және жүн өндірісін насихаттауды көздейді.

 

Ләйла Сұлтанқызы аукцион кезінде Гэмпшир деп аталатын асыл тұқымды қошқардың биоматериалын жеңіп алды. Оны 100 жылға дейін сақтауға болады екен.

Айта кетерлік бір жайт, бұл биоматериалдың бағасы жыл сайын қымбаттап келе жатыр. Сондықтан қазір сатып алғандар алдағы уақытта оны бұдан қымбатқа сата алады.

Comments (0)
Add Comment