Атырауда университетке ақысыз түсіремін деген алаяқ адамдарды алдап кетті

Атырауда 37 жастағы алаяқ үш адамның 1,2 млн теңгесін алдап алған, деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 қазанда алаяққа алданған үш адамнан шағым түскен.

«Атырау қалалық полиция басқармасына 22, 27 және 35 жастағы жергілікті үш тұрғын арызданды. Олар 37 жастағы азаматтың жоғары оқу орнына ақысыз түсіруге уәде бергенін айтқан. Күдікті алаяқтық жолмен жәбірленушілердің бірінен 600 мың, екіншісінен 292 мың, ал үшіншісінен 350 мың теңге алған. Алайда осы кезге дейін уәде етілген оқуға түсірмеген, не алған ақшаны кері қайтармаған. Жәбірленушілер алаяққа алдағанын біліп, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдікке ілінген алаяққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

.

Comments (0)
Add Comment