Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 26 әйел дағдарыс орталығына орналастырылған

Зардап шеккен әйелдермен бірге дағдарыс орталығынан 56 бала пана тапқан. Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 102 пультіне түсетін қоңыраулардың көпшілігі отбасындағы жанжалға қатысты факт.

«Атырау қаласында бір тәулік ішінде полицияға осындай сипаттағы 30-ға жуық шақырту келіп түседі. Олардың 20-ға жуығы түнгі уақытта түссе, 10-нан астам қоңырау күндізгі уақытта тіркеледі. Өкініштісі, көп әйел полицияны зорлық-зомбылықты тыныштандыру үшін шақырады. Бірақ, олар өздерін және балаларын үйдегі тираннан қорғау үшін құқығын қорғағысы келмейді», – дейді Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Статистика 80% жағдайда полицияға көмек сұрап келетін азаматшалар зорлық жасаған күйеуін кешіреді. Нәтижесінде, отбасындағы зорлық-зомбылық қайталана береді.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері дағдарыс орталығына 26 әйел, 52 бала орналастырылды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Comments (0)
Add Comment