Атырауда екіқабат әйел көпірден секіріп кетті. Абырой болғанда, оны полицейлер құтқарып үлгерді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Сағат таңғы 9:20 шамасында Атырау қалалық полиция басқармасына қарасты жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камерасынан күдік тудырған әйелді байқап қалды. Ол жақын маңдағы патрульді полицияға хабар берді. Рота командирі Алмас Закариев оқиға орнына жетіп, әйелді көндіруге тырысқанымен, ол секіріп кетті.
Оқиға орнына жеткен өзге полицейлер Жандарбек Жаңбырбаев пен Айбат Жаубаев көпірден секірген Орал тұрғынын құтқарды. 28 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Оның жүкті екені анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.