Атырау облысы Жылыой ауданында мас әйелдер жанжалдасып, бірі екіншісін пышақтап тастаған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
39 жастағы әйел ауыл халде, ауруханаға түскен. Оған операция жасалды.
“Науқастың жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр”, — дейді аудандық ауруханадан.
Оны пышақтаған 31 жастағы әйел қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Атырау облысында көпбалалы әйелді аяусыз өлтіріп тастағанын хабарлаған болатынбыз.