Қызыл жалын электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Төтенше жағдай кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысы ТЖД-нің мәліметінше, «Setra» маркалы автобусы жанып кеткені туралы хабарлама бүгін сағат 17:30 шамасында келіп түсті. Оқиға орнына облыстық ТЖД-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы жіберілді. Өрт сағат 6 шамасында түгелдей сөндірілді.
Атырау облыстық ТЖД тұрғындарды автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.