Атырауда абақтыға дрон арқылы телефон өткізбек болды

Атырауда ер адамдар жазасын өтеп жатқан абақтыға дрон арқылы телефон өткізбек болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлері 22 желтоқсан күні сағат шамамен 19:00-де аспанда дронның ұшып жүргенін байқаған. Қызметкерлер дронның жерге төмендеуін аңдып тұрып, құрылғыны қолға түсірді.

Дронға байланған телефонды алды. Ұялы телефонмен бірге 2 дана USB де тергеу органдарына жолданды.

Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова уақытша ұстау изольяторына қайта қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.

Comments (0)
Add Comment