Атырауда жасөспірімдер балабақшаның тас-талқанын шығарған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі
«Құлсарда 6-7 сынып оқушылары балабақшаға кіріп, ойын алаңын бұзып, терезелерін сындырып, балалар шкафтары мен қуыршақтарын сындырып, ойыншықтарын жыртып тастады. Күзетші екі баланы ұстап алды», – деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай.
Атырау облысының полициясы бұл жағдайға түсініктеме берді. «Жылыой ауданының Құлсарына балабақша ішінде жасалған құқық бұзушылық фактісі бойынша 9 оқушының ата— аналары шақырылды, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жиналған құжаттар сотқа жіберілді», – деді баспасөз қызметі.
Лаура АБАЙҚЫЗЫ