Атырау облысында жүк көлігінің тіркемесіндегі 12 тонна мақта өртеніп кетті

Атырау облысында жүк көлігінің тіркемесіндегі 12 тонна мақтаөртеніп кетті, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар лепартаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк көлігі кеше, 10 желтоқсанда өртенген. «Департаменттің диспетчерлік пультіне кеше сағат 14:11-де Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 80 шақырым қашықта «Атырау-Ақтау» тас жолының бойында шетелдік жүк көлігі өртенгені туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде «DAF» жүк көлігінің тіркемесі өртенгені анықталды. Тіркеме тиелген 12 тонна мақта орамы толықтай отқа оранған. Жүк көлігі Тәжікстан Республикасынан Түркияға бара жатқан»,-деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. Жалын сағат 15:54-те оқшауланып, сағат 18:45-те сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жеке үй өртеніп, күйік шалған бір адам ауруханаға түскенін жазған едік.

Comments (0)
Add Comment