Суға шомылуға барған әкелі-балалы Жайық өзеніне батып кетті. деп хабарлайды Экспресс К Атырау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 25 тамыз күні болды. Сағат 16:08 шамасында Атырау облысы полиция департаментінің кезекшісінен ер адам мен баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына келген құтқарушылар 27 жастағы ер адамды және оның 9 жастағы баласын іздестірген.
Төтенше жағдай департаментінің күшімен сағат 16:35-те ер адамның, 18:44 шамасында баланың денесі табылып, судан шығарылды,
Марқұмдардың жабдықталмаған жерде суға шомылғаны анықталды.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД-нің 4 қызметкері, 1 жүзу құралы, Атырау облысы полиция департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.