Атырау облысы Жылыой ауданында айдалада 40 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адамның басын соғып өлтірген. Оның денесін Жылыой ауданының аумағынан тапқан. 40 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Ол Атырау облысындағы компаниялардың бірінде дәнекерлеуші болып жұмыс істеген.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бейресми деректерге сүйенсек, тараздық ер адамды өлтірген күдіктілер ұсталмаған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысы Жылыой ауданда ер адам 35 жастағы жеті баланың анасын аяусыз пышақтап тастағанын жазған болатынбыз. Зардап шеккен әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды