Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық әкімдіктің Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Гүлнұр Сүйеуова тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz azh.kz сайтына сілтеме жасап.
Г.Сүйеуова Атырау мемлекеттік университетінің «химия және биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілін 1997 жылы Индер ауданы Есбол ауылы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалім бастап, 2003 жылға дейін Индер ауданында білім беру саласында еңбек еткен. 2003-2011 жылдар аралығында Индер аудандық әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінде бас маман, бөлім басшысының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінде бөлім басшысы, кейін Индер ауданы әкімі аппаратында басшы болып еңбек еткен.
2021 жылдан бүгінге дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.