Қатонқарағай енді демалушылар үшін жабық

Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі уақытша жабылды.

Кейінгі уақытта демалушылар жиі барып кеткен таулы аймаққа алдағы уақытта өрт қауіпсіздігі үшін кіруге тиым салынды. Бұл туралы парктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 5-ші төтенше орман өрті класының тұрақты орнауына байланысты, өрт қауіпсіздігі қағидаларының 17-тармағы, 9-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына шектеулер енгізіледі. Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, – делінген мәліметте.

madeniportal.kz

Comments (0)
Add Comment