Ата басылымның айшықты мерейтойы

Облыстық «Aq Jol» газетінің ғасырлық мерейтойы «Баласағұн» орталық концерт залында дүркіреп өтті.

Салтанатты шарада облыс әкімі Нұржан Нұржігітов сөз сөйлеп, басылымның қазақ руханиятындағы елеулі орнына кеңінен тоқталды.

Лебіздер легін жалғаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрамбек Төлепберген, Гүлдара Нұрымова, Жанарбек Әшімжан, Сенат депутаты Абдалы Нұралиев, «Egemen Qazaqstan» газеті» АҚ-ның Басқарма төрағасы Дихан Қамзабек, «Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы Берік Уәли ізгі тілектерін жолдады. Сондай-ақ шара барысында бірқатар басылым ардагерлері мен тілшілері, қызметкерлері Парламент Сенатының, Мәжілісінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.


Мерейтойлық кешті жергілікті өнерпаздар әсем әнмен, мың бұралған бимен әрлеп отырды.

Құрмаш Қаптағай

Comments (0)
Add Comment