Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде ұлттық мүдде құндылығына сәйкес, ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптей отырып, ар-ұят құндылығы бойынша отбасының, өз ортасының абыройын асырып, қоғаммен дұрыс қарым-қатынас орната білуге шақыру мақсатында, 2024 жылдың 15 қаңтарында Тараз қаласы, №46 орта мектебінде «Ата-ана тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы» тақырыбында ата-аналар педагогикалық қолдау орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара барысында қаладағы білім ордалары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар-практикум ұйымдастырылды.
Басқосуға Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Алиева Марина Гусеевна және он мектептің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Екі бөлімнен тұрған жиынның алғашқысында қатысушылар оқушылардың өнерлерін тамашалады. Шарада Марина Гусеевна мен №46 орта мектептің директоры Шынбергенов Оңталап Қыпшақұлы алғы сөз сөйлеп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөліне айрықша тоқталды.
Семинардың екінші кезеңі жоспарға сәйкес ата-ананы педагогикалық қолдау орталығының сабағымен жалғасты. Сабақ аясында, 1-11 сыныптың сынып жетекшілері мен мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтың ұйымдастырумен ата-аналар мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларыөзара үш топқа бөлінді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар балалар – ата-аналардың қолына берілген аяулы аманат екенін жеткізіп, ата-анамен тығыз байланысқа түсіп, мектеппен өзара байланысты күшейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кері байланыстар орнатылды.
Мөлдір Утепова,
№46 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары