Ел президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты Қазақстандағы соңғы оқиғалардың әлем алдында өзектілігіне байланысты баршаға жеңіл болуы үшін орыс тілінде жүргізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“Сұхбат дүние жүзіндегі аудиторияға арналған.Тақырыптың өзектілігіне және Қазақстанда болып жатқан оқиғалардың өзге елдердің назарында болуына байланысты мүмкіндігінше баршаға түсінікті етіп қамтуға тырыстық”,-деді хатшы.
Оның айтуынша қаңтар айында мемлкет басшысына Ресейлік, Америкалық, Еуропалық БАҚ-тан сұхбатқа көптеген өтініштер түскен. Алайда уақыттың тығыздығына байланысты президент отандық “Хабар 24” арнасының тілшісімен сұхбат жүргізу жөн көрген.
“Келесі үлкен сұхбат отандық журналисттерге қазақ тілінде берілетіні сөзссіз!”-деді Берік Уәли.