Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Жетісу жұртшылығымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің транзиттік әлеуетіне тоқталды.

Бұл өңірдің транзиттік әлеуеті өте зор. Сондықтан, мұнда халықаралық көлік-логистика компанияларын тарту аса маңызды. Сол үшін «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы құрылған, — деді Тоқаев.

 

Ол оған құрғақ порт, логистикалық және индустриялық аймақтар кіреді деді. Бұл жерде 2026 жылдың соңына дейін 22 жобаны жүзеге асыру көзделіп отырғанын айтты.

 

Жалпы құны — 450 миллиард теңге шамасында. Дегенмен, жүкті түсіріп, қайта тиеуге арналған орындар және оны сақтайтын қоймалар салу қажет. Осы бағытта жаңа, заманауи жобаларды қолға алған жөн,— деді Президент.

Comments (0)
Add Comment