Баку көшелерінде серуендеп жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің фотолар әлеуметтік желілерде жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Каспий теңізінің жағасын аралап көріп, мұнда орнатылған қазақтың киіз үйіне кірді», – деп жазылған ресми хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Әзербайжанға ресми сапары кезінде осы елдің жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның жұбайы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысқан еді.