Төлеповтер әулетінде үлкен той. Артур мен Асылханнан кейінгі үйдің кенжесі Айдана күні кеше ұясынан ұзатылды. Дүбірлі тойға қатысқан әртістер желіде қызықты кадрлармен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қос актердің қарындасы болғанымен, көпшілік Айдананы белсенді блогер ретінде таниды. Бойжеткенді Instagram-да 55 мыңнан аса адам оқиды. Күйеужігіт те бұл саладан алыс емес. Желідегі ақпаратқа сенсек, Ринат Исаев – кәсіпкер, видеограф. Жуырда ол Айданаға үйлену туралы ұсыныс жасаған.
Ал екі жас ұзату тойға дейін заңды және мұсылманша некелерін қидырып үлгерді.