Желіде актер Асылхан Төлепов пен КешYou-дің экс сылқымы Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің сүйіскен сәті жарияланды. Төлеповтің жары аталған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Асылхан мен Ақбота отандық телехикаялардың бірінде ғашықтардың рөлін сомдаған. Кадрлардың бірінде актерлердің сүйісуіне тура келген. Мұны көрген желі қолданушылары Төлеповтің жары Айсұлудың пікірін білуге асықты.
«Сериалы сәтті шықса екен деген ойдан басқа ой жоқ менде. Осындай сұрақты не мақсатпен қоясыздар?» – деді Айсұлу Төлепова.