Полиция департаментінің мәліметінше, астанада үш көшеде ең жоғары жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін төмендетілді. Себебі, жол апаты жиілеген,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтандағы әл-Фараби даңғылында Пушкин көшесінен Р. Қошқарбаев көшесіне дейінгі аралықта жылдамдық 60 км/сағ дейін төмендетілді.
«Нұр-Сұлтан – Қарағанды» тас жолы бойындағы Күйгенжар тұрғын алабынан қала шекарасына дейін, Тұран даңғылының бойымен Қарқаралы тас жолынан Ұлы дала даңғылына дейін 80 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа дейін ең жоғары жылдамдық төмендетілді.