Астанада ірі жол апаты болды

Елордада ірі жол апаты болды деп хабарлады turkystan.kz Астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін сағат 15:00 шамасында Ұлы Дала көшесімен келе жатқан Kia Rio көлігінің жүргізушісі Бөкейхан көшесінің қиылысында қарама-қарсы бағытта келе жатқан Lada-21901 көлігімен соқтығысқан. Ал Lada-21901 көлігі Volkswagen көлігімен соғылған. Kia Rio көлігінің жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Comments (0)
Add Comment