Астанада Байқоңыр ауданының №2 сотында Қайрат Сатыбалдының соты басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Сатыбалды «Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру»,» Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша күдікті деп танылды.
2022 жылдың тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыға қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, тергеу кезінде мемлекетке заңсыз иемденген 240 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылған.