Астана мен Алматыда Республика күніне арналған мерекелік отшашу болды

Астана мен Алматыда Республика күніне арналған мерекелік отшашу болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 қазанда қазақстандықтар Республика күнін атап өтті. Елордада мерекелік шаралар демеушілік есебінен ұйымдастырылған отшашумен аяқталды. Сағат 21.00-де қаланың екі нүктесінен – Атырау көпірінің маңындағы аумақтан (қала жағалауы) және Ботаникалық бақтан отшашу атылды.

 

Алматыда «Астана» алаңында мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Шара соңында отшашу болды.

Comments (0)
Add Comment