Бүгін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазын оқу үшін елорданың бас мешітіне барды, деп хабарлайды Экспресс К.
Қазақстанның тұңғыш президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің құрметті қонағы «Әл-Азһар» университетінің жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайыппен және мешітке жиналған жамағатпен бірге жұма намазын оқыды.
Бүгін Парламент депутаттары бірлескен отырыс өткізіп, елорданың Нұр-Сұлтан атауын қайтадан Астана етіп ауыстырғанын айта кетейік.
Жұма намазының соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған жамағаттың дұғалары мен ниеті қабыл болуын тіледі.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең үлкен 10 мешіттің қатарына енген, 235 мың адам сиятын еліміздің бас мешітін өзі ашқан еді.