«Астана» «Ақжайық» командасын 4:0 есебімен жеңіп, екінші орынға орналасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші таймда бұрыштама добынан кейін Денис Поляков есеп ашты. Ал «Ақжайық» командасының жартылай қорғаушысы Сабиньо екі рет сары карта алып, алаңнан қуылды.
Үзілістен кейін Педро Эуженио екі минутта екі гол соғып ерекшеленді. Қосымша уақытта Марин Томасов гол соғып, есеп 4:0 болды.
Бұған дейін «Тобыл» қонақта «Қайратты», ал «Ақтөбе» «Қызыл-Жар» командасын жеңген.
«Ақтөбе» кестеде 38 ұпаймен көш бастап тұр, екінші орында «Астана» (34), үшінші орында «Тобыл» (32) орналасты.