Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Латиф Айдаров «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Жамбыл облысы ҚХА жастарды кәсіпкерлік қызметке тарту мәселелері талқыланды және жуық арада осыған орай, жұмыс жоспары белгіленетіндігі сөз болды.
Жиында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Латиф Айдаров облысымыздың болашақ жас кәсіпкерлеріне бизнестің қыр-сырлары туралы керекті мағлұматтар берді.
Жастар бизнесті бастау, туындайтын қиыншылдықтарға төтеп беру, маркетинг, мемлекеттік грант ұтып алу, бизнес жобаны жасау, әрі қорғап шығу деген сауалдарына құнды жауаптар алды.