Асанбай Асқаровтың туған жері – Тәтті ауылында ас берілді

Биыл белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері, Меркі жерінің тумасы Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл. ⠀

Осыған орай, бүгін Асанбай Асқаровтың туған жері – Тәтті ауылында ас берілді. Алыс-жақыннан келген ағайын дәмнен ауыз тиіп, ағамыздың рухына арнап құран бағыштады.⠀

Сонымен қатар, Қоғам қайраткерінің өмірі мен еңбек жолын дәріптеуге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. ⠀

Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы сөз алып, А.Асқаровтың өнегелі өмірі мен халқына қалтқысыз қызмет жолына тоқталып, мерейтойға орай аудан көлемінде ұйымдастырылатын іс-шараларды да тілге тиек етті. ⠀

Одан кейін, белгілі жерлесіміз, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Омашев Намазалы Омашұлы бастаған қонақтар Алаштың ардақты ұлы жайында дәйекті деректермен бөлісті. ⠀

Іс-шарада аудандық өнерпаздармен қатар, Оңал Азаматова, Индира Хамзина сынды жезтаңдай әншілер және көрші Құлан өңірінен келген өнерлі жігіттер қонақтарға әннен шашу шашты.⠀

Ұлттық дәстүрге сай көкпар мен аламан бәйге ұйымдастырылды. Аламан бәйгенің бас жүлдесіне темір тұлпар қойылып, жүлделі орындарға қомақты қаражат пен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

jambylinfo.kz

Comments (0)
Add Comment