«Ас үйге кірсем, ұрсады»: Жәния Джуринская ата-енесімен қарым-қатынасы жайлы айтты

Жәния Джуринская күйеуінің ең ізгі қасиеттерін атап, ата-енесімен қарым-қатынасы жайлы сыр шертті. Айтуынша, күйеуі де, оның ата-анасы да Жәниядан тамақ әзірлеуді талап етпейді. Бұл туралы актриса желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Актрисаның айтуынша, күйеуі оның ас үйде көп уақыт өткізгенін қаламайды. Керісінше, үнемі ізденісте жүріп, дамуын қолдайды. – Ал тамақты тапсырыс беріп алдыртуға да болады, – дейді өзі. Жас жұбайлардың бұл ойымен Даниярдың ата-анасы да келісетін болып шықты.

«Мені өз қыздарындай қабылдады. Ас үйге кірсем, ұрсады. Еркелетеді. Психологтардың айтуынша, еркіндікке сенбейтін адамдарға қысым жасалады», – деді Жәния қайын жұртымен қарым-қатынасы жайында.

Джуринская күйеуінің бойындағы ең ізгі қасиеттерді атады.

«Адал, сенімді, әзілқой, ақылды, мейірімді», – деді Жәния күйеуі Данияр Хизметов жайлы.

Бұдан өзге, актриса қандай жағдайда күйеуін кешірмейтінін айтты. 

«Опасыздық жасау, т.б. мәселелерге қатысты онсыз да түсінікті деп ойлаймын. Мынадай жағдай бәрінде болады деп ойлаймын: өміріңде бір маңызды дүние орын алады немесе ойыңа бірдеңе келеді, оны бірден жақын адамыңмен бөлісу керек. Ол адам мен болмай қалсам, кешірмеймін», – деді Джуринская.

Comments (0)
Add Comment