Асқар Маминнің көмекшісі оның ұсталуына қатысты пікір білдірді

Бұрынғы Премьер-министр Асқар Маминнің көмекшісі оның ұсталғанын жоққа шығарды. Бұл туралы Yedilov online Telegram-арнасы хабарлады. 

«Экс Премьер-министр Асқар Маминнің көмекшісінің мәліметінше, оның үйқамаққа алынғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Асқар Маминнің үйқамаққа алынғаны туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлағанын жазған болатынбыз.

aikyn.kz

Comments (0)
Add Comment