Асқар Мамин немен айналысып жүр?

Экс Премьер-министр Асқар Маминнің қазір немен айналысып жүргені белгілі болды, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Роза есімді хатшысының айтуынша, ол өзі төраға болып отырған «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестігінде жұмысын жалғастырып жатыр. Кеңсеге күнде келгенімен, ол жарты күн жұмыс істейді. Алайда тілші мен оның көмекшісі телефон арқылы сөйлескен кезде Мамин кабинетінде болмай шыққан.

Маминнің кеңсе меңгерушісі толығырақ ақпарат беру үшін редакцияның байланыс мәліметтерін PR қызметіне беруге уәде берді.

Comments (0)
Add Comment