Қаржылық сауаттылық: Дулати университетінде маңызды танымдық кездесу өтті

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2.6-шы кітапханасында студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған танымдық іс-шара өтті. “Қаржылық сауаттылық” тақырыбындағы лекцияны “Экономика және менеджмент” кафедрасының аға оқытушысы Райымбекова Укан Кеңесбекқызы жүргізді.

Іс-шараға Веб журналистика мамандығының 1-курс және Филология: қазақ филологиясы мамандығының 2-курс студенттері қатысты. Спикер қаржыны жоспарлау, жинақтау мәдениетін қалыптастыру, инвестицияның маңыздылығы, қаржылық қауіпсіздік және алаяқтықтан қорғану жөнінде маңызды ақпаратпен бөлісті.

Кездесуді ұйымдастыруға Журналистика және филология кафедрасының аға оқытушысы Иматаева А.Ж. және кітапханашы Г. Ноғайбаева жетекшілік етті. Студенттер қаржылық сауаттылықтың өмірдегі рөлін жете түсініп, өздерін қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.

Қатысушылар мұндай білім беретін кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, қаржылық сауаттылықты ерте жастан дамыту қажеттігін түсінді. Алдағы уақытта да студенттердің өмірлік дағдыларын жетілдіруге бағытталған осындай іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Comments (0)
Add Comment