Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі де сотталды

Астанадағы сот бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім шығарды.

Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның әйелі Ғалия Ысқақова пара алуда делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Делдал болған адвокат Мұстахим Тулеев аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Т. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, – деп жазылған Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәліметінде.

el.kz

Comments (0)
Add Comment